Caspian Logistic and Procurement (CLP) ЖШС 2006 жылы Қазақстанда Атырау қ. негізі қаланған. Компанияның портфелінде жабдықтау және логистикалық шешімдердің кең спектрі ұсынылған, соның ішінде, тауарларды өндіріс орнынан пайдалану аймақтарына дейін оңтайлы жеткізу үрдісін ұйымдастыру және іске асыру. Біз көліктік барлық түрлерімен жүктерді экспедициялау және тасымалдау, кедендік дайындау (импорт және экспорт), құжаттарды мұрағатқа сақтау, қоймалық сақтау, арнайы техниканы жалға алу бойынша қызметтер көрсетеміз. CLP жұмысының негізгі айрықша өзгешеліктері Сапа және Қауіпсіздікті ойлау, сонымен қатар, әрбір клиент үшін шынайы табысты қамтамасыз ететін белсенді көзқарас. Серіктестік қатынастарды реттеу және тапсырыс берушілердің үміттерін ақтау компанияны еңбегіне лайық тұрақтылық пен тұрақты табысқа алып келді; автокөлік, технологиялық, сауда, өнеркәсіптік және энергетикалық салаларда бай тәжірибе жинақталған. Біздің қызметтердің сапасы ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, ОНSAS 18001:2007 талаптарына сай, бұл қызмет етуші сертификаттармен расталуда.
«Caspian Logistic and Procurement» ЖШС интеграцияланған менеджмент жүйесіндегі САЯСАТЫ
Бұл құжатқа сәйкес "CLP" ЖШС басшылығы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттары талаптарына сәйкес жан жақты өркендеу, жақсару міндеттемелерін белгілейді. Компания келесі бағыттарда жұмыс істейді: өлшемдері шамадан тыс және жалпы жүктерді тасымалдау, 2 және 3 дәрежелі қауіпті жүктерді тасымалдау, темір жол тасымалдары, кедендік іс қағаздарды рәсімдеу, тасымалдау жұмыстары, материалды техникалық қамтамасыз ету, мұрағаттық және қоймалық сақтау қызметтері, арнайы техниканы жалға беру.Жоғары сапалы қызмет, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету, интеграцияланған менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру арқылы қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту компанияның стратегиялық мақсаты болып табылады.Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі, денсаулық, қоршаған орта мен адам қауіпсіздігі келесі кепілдіктер арқылы жүзеге асады:
1.сапа менеджменті жүйесін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, қоршаған ортаны басқару саласында қолданыстағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын сақтау;
2.Тұтынушылардың қанағаттанғандықтығын арттыру мақсатында кері байланыс жүргізу;
3.Ағымдағы қызметті және оларды үздіксіз жетілдіру, компанияның болашақ үміттерін ақтау мақсатында қоршаған ортаны, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласын жүйелі талдау;
4.Төтенше жағдайға дайын болу, қауіпсіздік шараларын басқару, жарақаттар мен ауруларды болдырмау, қызметкерлердің денсаулығына теріс әсерді азайту;
5.Қоршаған ортаға теріс әсерін азайту, ластауды алдын алу, экологиялық аспектілерді басқару;
6.Қауіпсіз жұмыс практикасын назарына тарту , соның ішінде қызметкерлерді оқыту , прогрессивті тәжірибені пайдалана отырып қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау;
7.Техникалық әзірлемелерді, тұтынушылардың қажеттіліктері мен артқан үміттерін, қауіпсіздікті және қоршаған ортаны ескере отырып қызметтерді үздіксіз жақсарту;
8.Ресурстарды оңтайлы тұтыну, қалдық көлемін шектеу;
9.Авариялар мен өндірістік апаттар тәуекелін азайту, жарақат және аурулардың алдын алу.
«Caspian Logistic and Procurement» ЖШС басшылығы осы Саясатта көрсетілген талаптарды іске асыруға және ілгерілетуге ықпал еткендерді қолдау және ынталандыруға, осы Саясатта көрсетілген талаптарды сақтауға келіседі .
«Caspian Logistic and Procurement» ЖШС директоры Калиева А. М. 10.08.2015 ж.