Trading House қызметі

CLP қызметінің жаңа  бағыты - тапсырыс берушілерге өз шығындарын ішкі корпоративтік қажеттіліктерге оңтайландыруға мүмкіндік беретін, келешегі зор және нарықтағы қызметтердің дамушы саласы Trading house сервисі болып табылады.

Осы сервистің жұмыс принципі келесідей:

CLP-мен сатып алу және жабдықтау бойынша қызметтерді ұсынуға келісімшарт жасаса отырып, клиент біздің мамандарымызға мүлде әр түрлі сауалдарын жібереді:  шаруашылық тауарларды сатып алудан қайырымдылық іс-шаралар мен тимбилдингтерді өткізуге дейін. Біздің мамандар нарық мониторингін жүзеге асырады, аса тиімді жабдықтаушылармен мини-тендер өткізеді және талдау мен компанияның ең жақсы коммерциялық ұсыныстарын бес жұмыс күні ішінде мерзімі, бағасы, жабдықтаушылар типі және т.б. бойынша максималды мүмкін болатын опцияларымен ұсынады.

Trading House с CLP артықшылықтары:

  • Уақытты үнемдеу

Біздің мамандардың сатып алудағы тәжірибесі мол, нарықты біледі және тауарлар мен қызметтермен жабдықтаушылардың өздерінің сенімді де тексерілген базасы бар, бұл нарықты талдау уақытын айтарлықтай қысқартып, аз уақыт ішінде максималды тиімді коммерциялық ұсыныс жасауға мүмкіндік береді;

  • Шығындарды оңтайландыру

CLP -ға ең әр алуан тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ойлауға мүмкіндік бере отырып, клиент-компания  ресурстарын негізгі қызметке шоғырландыра отырып, штаттық мамандарға жұмсалатын өздерінің шығындарын қысқартады;

  • Өзара есептеулерді жеңілдету

CLP -мен келісімшартқа келе отырып, тапсырыс беруші бірлі-жарым жабдықтауларға келісімшарт жасасу, алғы төлемдерді енгізу,есепшоттарды жабу және өзара есептестікті тексеру секілді көптеген операциялардан босатылады;

  • Тәуекелдерін азайту

CLP әрқашан сапа мен сенімділікке кепілдеме береді, сәйкесінше, біздің клиенттер тапсырыс берілген тауарлардың  келісілген уқаытта және барлық келісім шарттарына сәйкес жеткізіліп, қызмет көрсетіліп жатқандығына қарап сабырлы бола алады.