Біздің компания клиент үшін ең тиімді жағдайлармен көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Жүктердің әуе көлігімен жеткізу
Бүкіл әлем бойынша агенттермен ұзақ мерзімді серіктестік байланыстар 1 кг-нан 15 000кг-ға дейінгі жүктерді максималды төмен тарифпен жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің мамандарымыз қолайлы маршрут пен транзиттік пункттегі рейстердің ыңғайлы тоғысуын таңдап беруге, қысқаша жеткізу мерзімі мен "есіктен есікке дейін" сервисіне, тиеу, түсіру қызметтеріне және экспортты ең жоғарғы деңгейде кедендік дайындауға кепілдеме бере алады.
Мультимодальды тасымалдар
Біздің кәсіпқойлар тобы әрқашан жүктердің ғаламшардың ең әр алуан бұрыштарынан теңіз көлігімен жеткізудің аса қолайлы амалын таңдайды. Гдын, Клайпед, Рига, Санкт-Петербург, Новороссийсктегі және басқа да үлкен портты қалалардағы біздің серіктестеріміздің қоймалары мүлде әр түрлі жүктердің сенімді сақталуы мен бірігуін қамтамасыз етеді.
Халықаралық автотасымалдар
Біздің компания өз көлігімен Еуропа мен Таяу шет елдердің аумағы бойынша, сонымен қатар, 5 жылдан аса уақыт Кедендік Одақ аумағы бойынша жүк тасымалдарын жүзеге асырады.
Жүктердің шет елдерде біздің серіктестеріміздің қоймаларында уақытша сақтау қызметі клиенттерге ең тиімді жағдайлардағы біріктірілген тасымалдарды ұсынуға мүмкіндік береді. Бар автопарк GPS-бағдарлаудың қазіргі заманғы жүйесімен жабдықталған, бұл шынайы уақытта 24/7 тәртібінде қозғалысты қадағалауға және тәулік бойы клиентті жүктің орналасқан орны жөнінде хабардар етуге мүмкіндік береді.
Біздің жұмысымыздың артықшылықтары жүктердің сақталуы және сақтандырылуы, жеткізу мерзімдерін сақтау, сонымен қатар, ілеспе құжаттардың толық жиынтығын ұсыну болып табылады.
Қазақстан бойынша автотасымалдар
Компания қызметінің бағыттарының бірі аз тонналы және үлкен жүк автомобильдерімен Қазақстан аумағы бойынша іске асырылатын жүк тасымалдары болып табылады.
0,5 тен 6 тоннаға дейінгі жүктер Volkswagen Caddy, Volkswagen Amarok, Ford Ranger, Hyundai автокөліктерінде тасымалданады. Біздің автопаркте жүк көтерімділігі 20 тоннаға дейінгі Mercedes, Volvo, MAN, Scania, МАЗ маркалы ашық бортты және қалқаланған еврофуралар ұсынылған.
CLP қызметтерінің қатарына арнайы автомобильдерде тасымалданатын габаритсіз және қауіпті жүктердің (2, 3 және 8 классты) тасымалы кіреді. Біздің мамандар әрбір өтінішке тасымалдаудың жеке кешенді сұлбасын құрастырады: оңтайлы маршрут анықталады, келісімдер мен рұқсат ету құжаттарының жиынтығы дайындалады, сұранысқа сай біліктілігі және/немесе куәлігі бар жүргізушілер таңдалады, қосымша тиеп-түсіру техникасының қажеттілігі анықталады және т.б.
Біздің компанияның жұмысының маңызды артықшылықтары: