Мұрағат және сақтау

Құжаттарды мұрағаттық сақтау

CLP біздің клиенттерімізге өз жұмысының тиімділігін арттыруға, сонымен қатар, пайдалану шығындарын төмендетуге көмектесетін құжаттарды бақылау және мұрағаттық сақтау қызметтерін ұсыну жағынан мамандандырылған. Біздің құжаттарды бақылау бойынша қызметтерімізге сақтау, сканерлеу, көшірме жасау, электронды мұрағатқа сақтау және жою жатады.

Құжаттарды сақтау

Біздің компания тапсырыс берушінің құжаттарының қорғалған, экономикалық тиімді сақтау және басқару амалын қамтамасыз етеді. CLP негізгі мақсатыклиентті сапалы қызмет көрсету мен халықаралық стандарттар бойынша баркодиралау қызметтерін ұсынуға сәйкес келетін қауіпсіздік деңгейі жоғары қазіргі заманғы қоймалық бөлмемен қамтамасыз ету.

Құжаттарды сканерлеу және көшіру

CLP клиенттің ақпаратын  оны одан кейін тапсырыс берушінің ішкі ресурстарына (серверлеріне) орналастыру мақсатымен электронды форматқа түрлендіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы сканерлер мен көшіру аппараттарын пайдаланады.

Электронды мұрағат

Біздің компания электронды мұрағаттарды құру бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады. Біз өзіндік бағдарламалық қамтамасыздандыру базасында және алдыңғы қатарлы IT-компаниялардың жобаларын пайдалана отырып, ақпараттық шешімдерді енгіземіз.

Құжаттарды жою

CLP-ң құжаттарды жою бойынша қызметтері ақпарат өзінің өзектілігін жоғалған жағдайда немесе оның мұрағатын сақтау үшін міндетті мерзім аяқталған жағдайда клиенттің шығындарын оңтайландыру бойынша тәжірибелік шешім болып табылады. Біздің мамандарымыздың осы саладағы жұмыстарының негізгі принциптері құпиялық пен жылдамдық.

Біз төмендегілерге кепілдеме береміз:

  • жазбалар мен мәліметтердің абсолютті дәл тізімі;
  • ақпаратты іздеудің тез және жеңіл амалы;
  • жазбалар мен деректерге бақыланатын қолжетімдік;
  • құжаттарды  баркодирлеудің дәл жүйесі;
  • сұраныс бойынша құжаттарды шұғыл жеткізу: екі сағаттан алты сағатқа дейін, сонымен қатар, келесі күні;
  • белгіленген стандарттарға сәйкес қойма бөлмесінің климатын сақтау;
  • күзет және өрт сөндіру дабылдамасының сенімді жүйесі;
  • қазіргі заманғы және тиімді өрт сөндіру жүйесі;
  • су басуды анықтаудың бапталған жүйесі және мезгілінде қорғау шараларын қолдану;  
  • 24/7 тәртібінде бейне бақылау;
  • жоғары білікті және тәжірибелі қызметкер

Қоймалық сақтау

CLP Атырау қ. жүктердің сақталуы мен қоймалануын ұйымдастыру үшін ең жақсы шешімдерді ұсынады.Сапалы қаптау/қайта қаптау, ұқыпты тиеу және түсіру, таңбалау және сұрыптау секілді міндетті технологиялық операциялар жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның бұзылуына жол бермейді, сонымен қатар, сенің жұмысына деген біздің кешенді көзқарасты куәландырады. Біздің қоймалар барлық қажетті техникалық қондырғымен жабдықталған және ыңғайлы орналасқан, кірме жолдары бар. CLP тәжірибелі қызметкерлер тобы қауіпсіздік пен сапаның барлық халықаралық стандарттарына сәйкес тиеп-түсіру жұмыстарын қамтамасыз етіп қана қоймай, кез-келген ауа-райындағы жүктердің қабылдануы мен берілуін жүзеге асырады.