Пандемия кезінде әлеуметтік көмек
«Caspian Logistic and Procurement» компаниясы пандемия кезінде Атыраудағы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетті.
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан, біздің компания медициналық мекемелерге белсенді қолдау көрсетуде. Caspian Logistic and Procurement Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің 15 медицина қызметкеріне, жедел жәрдемнің 15 қызметкеріне, сондай-ақ әуежайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктердегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істейтін екі қызметкеріне әлеуметтік көмек көрсетті.