+7(778)7120407
ГРУЗОПЕРЕВОЗКИ: +7(7172)796696
email: sales@clp-llp.com

Толық жабдықтау циклі

CLP   аса қолайлы өндірушінің таңдаудан ақырғы тағайындау орнына жеткізуге дейін жеткізу тізбегі менежментінің толық қызметтер циклін ұсынады: сатып алу, тасымалдау, кедендік дайындау, сертификаттау, рұқсат қағаздарын алу, сақтау, жеткізу.

Біз сіздерге жабдықтау саласындағы үрдістерді оңтайландыруға көмектесетін, шығындарды төмендететін және сервис деңгейін арттыратын бизнес-шешімдерді ұсынамыз. Жете құрастырылған жабдықтау жоспары ресурстарды үнемдеуге және жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Жеткізу тізбегі менеджменті төмендегілерден тұрады:

  • сатып алу үрдісін стратегиялық жоспарлау, аса қолайлы өндіруші мен жабдықтаушыны таңдау
  • оңтайлы маршрутты, тасымалдау амалы мен тасымалдаушыны таңдау 
  • шығындар сметасын құру және бюджетті оңтайландыру
  • шығындар мен транзиттік уақытты қысқарту мақсатымен жүктерді жеткізу және түсіруді жоспарлау
  • мультимодальды нығайту
  • түсіру және тауарды шығарып салу құжаттарын бақылау
  • өзара есептесудің ыңғайлы жүйесі
  • стандартты және клиенттердің қызығушылықтарына қарай бапталатын есептіктер

Жабдықтау тізбегі менеджменті қызметтерін көрсетуден басқа компанияның дамушы бағыттарының бірі - in stock - жүйесі бойынша жабдықтау болып табылады, бұл өнеркәсіптік және мұнай-газ секторындағы ең сұранысқа ие аймақ, оған қажетті қондырғылар мен құрал-саймандар да бар және CLP  қоймасынан Атырау қаласына үш күн ішінде жеткізіледі. Материалдар тізімімен осы жерде танысуға болады

PPE
GASKETS